Атырау, 12 мамыр 06:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жұмағалиев отставкасына қатысты жазба жариялады

2 681 просмотра

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Асқар Жұмағалиев әріптестеріне алғыс білдіріп, жаңа министрге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мені бұл лауазымға тағайындағанда құттықтау көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таңғалып отырмын. Телефон соғып, хабарлама жазып басымыздан кешкен оқиғаларды есіме салып жатыр, өте ризамын", - деп жазды Жұмағалиев өзінің Facebook парақшасында

Осыдан кейін экс-министр әріптестеріне және достарына алғыс білдірді. 

"Бәріміз нәтижелі жұмыс істедік деп ойлаймын. Мен министрлік ұжымының, ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің бар ынта-жігерімен жұмыс істегеніне куә болдым. Оларға әрбір қызметті цифрлау үшін, қазақстандықтардың өмірін жеңілдетудегі күш салғаныны үшін басымды иіп, зор алғысымды білдіремін", - деп атап көрсетті Жұмағалиев. 

Бұрынғы министр әлеуметтік желіде барынша ашық болуға тырысқанын да жеткізді. Жоспарларымен бөлісіп, жұмыстың нәтижесін жазып тұрды. Осы орайда ол барлық бастаманы қолдаған және идея айтқан адамдарға алғыс айтты.  

"Қазақстанды цифрландыру үдерісін үнемі қолдағаны үшін Елбасыға, президентке және сіздердің әрқайсыңызға соңғы жылдары маған артқан сенім мен көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мусин Бағдат, сәттілік тілеймін, сала сенімді қолда!", - деді Жұмағалиев.


22 шілде 2020, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.