Атырау, 12 мамыр 13:59
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Айыппұлды күтпестен жұмыстарын тоқтатты

3 338 просмотра

Бүгінде Атырау облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу») бойынша 54 әкімшілік іс қозғалды. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 10 028 580 теңге (тиісінше 8 945 160 және 1 083 420) айыппұл салынды.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВТЫҢ айтуынша, жеке тұлғалар көбінесе жабық ғимараттарда маска тақпаған, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. 28 кәсіпкерге - 21 азық-түлік дүкенінің, 4 қоғамдық тамақтану нүктесінің және 3 көлік жөндеу орнының иелеріне айыппұл салынған.

- Сонымен қатар тексеру барысында мобильді топтар түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, - дейді С.Байбағылов. - Көп нысанда заң бұзушылықтар дереу жойылды. Нысан иелері өз бастамаларымен жұмыстарын тоқтатты, сауда сөрелері, кіре берістер, қоқыс жәшіктері, есік тұтқалары және т.б. дезинфекциялық құралдармен өңделді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі ұсынған сурет

21 шілде 2020, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.