Атырау, 17 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Шымкент әкімдігі 3 миллиард теңге үнемдеді

2 699 просмотра

Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 миллион теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар.

Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 миллион теңге дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 миллион теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал 2 050,0 миллион теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына бағытталған.

Және де шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы 7 214,6 миллион теңге оңтайландырылады деп жоспарланып жатыр. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру - абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

21 шілде 2020, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.