Атырау, 17 мамыр 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Цой: Коронавирус жұқтыру көрсеткішінің тұрақталу тенденциясы байқалады

2 254 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пациенттерге үйінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мобильді бригадалар саны осы айдың соңына дейін 3,5 мыңға жеткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Соңғы аптада COVID-19 ауруын жұқтыру және одан келетін өлім-жітім көрсеткішінің тұрақталу тенденциясы байқалады. Жұқтыру жағдайы тәулігіне шамамен 1500-1600 адамды құрап отыр. Пациенттерге үйінде көмек көрсету мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін 2 962 мобильді бригада құрылды. Осы айдың соңына дейін мұндай бригадалардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі. 

Емханалардағы колл-орталықтардың саны 16 пайызға артты. Оның жұмысына білікті кеңесші дәрігерлер, фельдшерлер мен медициналық ЖОО студенттері тартылды. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдететін 1 958 аппарат бар. Әкімдіктермен бірге қосымша 4 183 аппараты сатылып алынуда. Оның 3 105-і отандық тауар өндірушілерден алынады. 

Сонымен бірге, 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады. 6 237-і демеушілердің көмегімен қосылғалы отыр», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, мемлекеттік және жеке зертхана тестілеу жұмысына белсенді түрде тартылып, олардың тәуліктік өткізу қуаты 32 мыңға жеткен. Сондай-ақ бір реттік масканың бағасы 28 пайызға арзандаған.

21 шілде 2020, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.