Атырау, 11 мамыр 18:15
 бұлттыВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Бекеттер газды қымбат бағамен сатқан

2 891 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жергілікті атқарушы органдардан Қызылқоға ауданының жанармай құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының шекті бағасын көтеру деректері туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеру барысында бұл деректер расталды, кәсіпкерлер газдың литрін 60 теңгеден сатқан. Ал 2020 жылдың 3 сәуірінде Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген оның шекті бағасы 53 теңге болатын. «Қызылқоға Газ», «Ақжол» және «Арлан» бекеттеріне заң бұзушылықтардың анықталғаны туралы ұйғарым жолданып, кемшіліктер жойылды.

Мирас МҰСТАФАЕВ

21 шілде 2020, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.