Атырау, 17 мамыр 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Науқас коронавирустан жазылғанын қалай біле алады

3 482 просмотра

Коронавирустан жазылған адамда әлсіздік, ұйқының бұзылуы секілді ауру белгілері сақталуы мүмкін. Бұл жайында Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Дене температурасының қалыпқа келуі, әлсіздіктің төмендеуі, тершеңдік азайып, бас ауруының қоюы қажет. Яғни, адам өзін қанағаттанарлық деңгейде сезінуі қажет. Қазір бұрынғыдай 14 күн, 20 күн деген уақыт жоқ. Клиникалық бақылаудан кейін дәрігер науқасқа ПТР-талдауын тапсыру қажет пе, соны айтады", – дейді дәрігер.

Айтуынша, коронавирус инфекциясынан адам өзін жақсы сезінуі қажет. Соған қарамастан әлсіздік пен тершеңдік сақталуы мүмкін.

"Иіс және дәм сезуге келетін болсақ, бір адамда ол қабілет үш күннен кейін оралуы мүмкін, ал бір адамда екі айдан кейін оралады. Алайда науқастың дәм мен иіс сезбеуі жан-жағындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді дегенді білдірмейді", – деді инфекционист.

Сонымен қатар дәрігер аурудан кейін ұйқының бұзылуы, әлсіздік, шаршау секілді белгілер сақталуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, кез келген инфекциялық аурудан кейін қалпына келу бір аптадан екі айға дейін созылады.

Сондай-ақ, дәрігер қалада бір науқастың екінші рет инфекция жұқтырып, ауруханаға түспегенін атап өтті.

20 шілде 2020, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.