Атырау, 12 мамыр 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Құрманғазы ауданындағы жолдар – 2

3 414 просмотра

«АЖ»-да мақала жарияланғаннан кейін  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы редакцияға Құрманғазы ауданында қандай жолдар салынып, қандай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және т. б. туралы қосымша тізім жіберді.

Сол құжатқа сәйкес, бүгінде Құрманғазы ауданында 7 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда (төменде көрсетілген сома мемлекеттік сатып алу порталынан алынды):

1. Облыстық маңызы бар «Ганюшкино-Приморье-Утеры-Котяевка» автомобиль жолының 0-29 шақырым учаскесін күрделі жөндеу. Тапсыру мерзімі – 2021 жыл (расында, мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, мердігермен шарт 2018 жылы жасалды, ал жұмыстар 2019 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс еді Н.Х.). Құны – 4,3 млрд теңге.

2. Ұзындығы 43 шақырым «Ақкөл-Қызылоба-4-ші разъезд-Қиғаш» аудандық маңызы бар автожолын қайта жаңарту. Тапсыру мерзімі – 2021 жыл, құны 4 млрд 720 млн теңге.

3. Нұржау ауылының кірме және кентішілік жолдарын қайта жаңарту (2021 ж.) – 777 млн теңге.

4. Котяевка ауылының кірме және кентішілік жолдарын қайта жаңарту. Нысан аяқталу сатысында (2020 ж.) – 426 млн теңге.

5. Теңіз ауылының кірме және кентішілік жолдарын қайта жаңарту (2020 ж.) – 821 млн 460 мың теңге.

6. Сафон ауылының кірме және кентішілік жолдарын қайта жаңарту (2021 ж.) – 761 млн 385 мың теңге

7. Утеры ауылының кірме және кентішілік жолдарын қайта жаңарту (2021 ж.) – 813 млн теңге.

Ауданда дені дұрыс жол жоқ деген сөз басқарма басшыларының шамбайына батқан шығар. Ведомство басшысы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін аудан 70-80%-ға жолдармен қамтамасыз етіледі деп хабарлады. Болсын дейміз.

Аудандағы жолдарды күтіп ұстауға бөлінген 180 млн теңгеге қатысты басқармада 2020-2022 жылдарға келісімшарт жасалып, жұмыстар осы кезең ішінде үздіксіз жүргізілетін болады деп жауап берді. Ал мердігер «Құрманғазы жолдары» ЖШС. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 шілде 2020, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.