Атырау, 2 мамыр 17:42
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Малыңды қалаға шығарсаң – айыппұл төле

Бейнежазба
3 846 просмотра

Әлеуметтік желіде Атыраудың көшелерінде жайылып, жас көшеттерді опырып жүрген жылқылардың бейнежазбасы тарады. Осыған қатысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі өз хабарламасын таратты. Онда тек жылқылар туралы емес, жаз басталғалы бері қаланың әр шетінде жайылып, еркінсіп жүрген сиыр мен түйелерге қатысты ақпарат бар.  


- Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың тапсырмасы бойынша құрамында ветеринария, полиция басқармалары мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері бар жұмыс тобы құрылды.  Жануарлардың иесін анықтау және жазалау механизмі әзірленді.  Олар ауылдық округтерге барып, шаруа қожалықтарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бірақ бір түсінік жұмыстарымен  ғана шектелмейді. Жыл басынан бері облыс орталығындағы көшелерде малы жайылған бес азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына («Қала аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру») сәйкес 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды .

Қала маңындағы Дамба ауылында «Тілекші» ЖШС аумағында қала көшелерінде табылған жануарларды уақытша ұстау үшін жабдықталған қора бар. Оларды алып кетпес бұрын, иелері айыппұл төлеуі тиіс.

Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Элеонора ДӘУІТБАЕВАНЫҢ айтуынша, әр жануар ветеринария басқармасында дер кезінде тіркеліп, сәйкестендірілуі тиіс. Оның сырғасы немесе таңбасы болуы керек. Егер жануардың белгісі болмаса, онда иесі сол үшін әкімшілік жазаға тартылады.

Мал жайылымы жоқ емес. Ақсай, Еркінқала, Кеңөзек және Дамбы ауылдық округтерінің маңында – 200 гектардан астам жайылым алқаптары, ал Қайыршақты және Атырау округтерінде – 1000 га жайылымдық жерлер бар.

- Құрылған топтың міндеті – мал иелерін заңды түрде бөлінген аумақтарда және бақташының қадағалауымен мал жаюға міндеттеу. Қазір мамандар тобы осы бағытта белсенді жұмыс атқаруда, – деп жеткізді баспасөз қызметі

Дайындаған Айнұр САПАРОВА


19 шілде 2020, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.