Атырау, 4 мамыр 12:43
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

"СК-Фармация" басшысы гуманитарлық көмектің қоймада неліктен кідіргенін түсіндірді

2 622 просмотра

"СК-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстанға келген гуманитарлық көмектік қоймада неліктен кідіргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерхат Есқалиев El Tiregi YouTube-каналының тікелей эфирінде мұны құжатпен байланысты деп атады.

"Кез келген жүктің құжаты болу керек, құжаты болмады. Біз рәсімді бір сертификатқа дейін қысқарттық, бірақ ол да болмады. Ең маңызды сұрақ - ол қауіпсіздік. Егер біз адамдарға зиян келтірсек, онда үлкен жанжал болар еді", - деді Ерхат Есқалиев.

Ол бұл мәселенің қалай шешілгенін айтып берді.

"Енді біз алдын ала қамданамыз. Алдымен құжат бойынша талаптарды қоямыз, электрон нұсқаларын аламыз және реттейміз. Жүкті әуежайдан бірден жібере аламыз. Бізге көмектесіп жатқан барлық елге алғыс айтқым келеді. Кейде олар бізге жіберіп тұрса да, біз олардан құжат талап етіп "қысатынымыз" ыңғайсыз. Бұл Қазақстан өзін дәрімен қамтамасыз ете алмайды деген емес, бұл ізгі ниеттің белгісі", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "СК-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жасаған "қателері үшін" кешірім сұрады.

18 шілде 2020, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.