Атырау, 4 мамыр 12:10
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша жаңа рекорд тіркелді

3 155 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 237 мыңнан астам жаңа жағдайды тіркеді. Мұндай деректер ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымның соңғы деректеріне қарағанда, тәулік ішінде 237 743 адам коронавирус жұқтырған, 5 682 науқас қайтыс болған.

Осылайша, ДДҰ деректеріне сәйкес, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 13 616 593-ке жетті, 585 727  адам көз жұмды.

Бұған дейінгі рекорд 12 шілдеде тіркелген. Ол кезде ұйымның есебі бойынша 230 мың жаңа жағдай анықталған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 68 703-ке жетті. 42 388 науқас аурудан айықты, 375 адам қайтыс болды.

18 шілде 2020, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.