Атырау, 4 мамыр 13:14
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

СҚО-да үш дос бірін-бірі құтқарамын деп суға батып кетті

3 244 просмотра

Солтүстік Қазақстан облысында үш дос қаза тапты: олардың екеуі үшіншісін құтқармақ болған, алайда қолдарынан келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Жаңажол ауылының маңында Есіл өзенінде болған. СҚО ТЖД өкілдері ол кезде алты адам өзеннен өтіп бара жатқанын хабарлады. Су тереңдігі 1,5 метр болған.

"Соңғы болып 1996 жылы туған бозбала келе жатқан. Жүзе алмайды. Оның аяғы тартылып, тереңірек жерге ағын әкеткен. 2001 және 2002 жылы туған екі жасөспірім оған көмектесе жөнелген. Нәтижесінде үшеуін тереңдігі екі метрден асатын шұңқырға алып кеткен", - деп хабарлады құтқарушылар.

Үшеуі де қаза тапты. Суға кеткендердің денесі тек келесі күні табылды.

ІІМ ТЖК өкілінің хабарлауынша, шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда 122 адам суға кеткен. Оның 19-ы соңғы төрт күнде қаза тапқан. "Көбіне адамдар суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде батады. Онда кейде үйінділер, бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар бар, олар қайғылы жағдайдың себептерінің бірі болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

17 шілде 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.