Атырау, 13 мамыр 20:09
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қарағандылық әйел жоқ пәтерді 39 рет жалға берген

Бейнежазба
3 087 просмотра

Қарағандылық алаяқ жоқ пәтерді 39 рет жалға берген. Ол алдын ала төлем алған соң клиенттердің нөмірін бұғаттап тастап отырған, - деп хабарлайды  "Астана" телеарнасы.

Мұндай жүйе арқылы әйел үш миллион теңгеден астам "табыс тапқан". Телеарнаның хабарына қарағанда, қазір іс сотқа жеткен. 


Сондай-ақ оның жерлесері елорда тұрғындарын да осындай жүйе арқылы алдаған. Тек ол жиһаз "сатқан". Тауарды жіберудің алдында ол алдын ала төлемді жасатқан да, жоғалған. "Сатушы" 10 адамды алдағаны белгілі болды.

Елордалықтар ақшаны бөтен біреудің атына аударып отырған. Бірақ еш күмән болмаған. Осылайша, 27 жастағы күдікті ұсталды. Енді ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Журналистердің деректеріне қарағанда, 27 жастағы қыз бұған дейін алаяқтық үшін сотталған.


17 шілде 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.