Атырау, 12 мамыр 18:25
 ашықВ Атырау +12
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Twitter соңғы 30 күнде құпиясөзін өзгерткен аккаунттарды бұғаттайды

2 605 просмотра

Ауқымды хакерлік шабуылдан кейін Twitter соңғы 30 күнде құпия сөзді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттауды ұйғарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде хакерлік шабуыл жасағандардың құпия сөздерді алғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Бірақ өте сақ болған жөн. Сондықтан біз 30 күнде құпиясөзді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттайтын болдық", - дейді компания өкілдері.

Осыған байланысты Twitter кейбір қолданушылар өз аккаунттарына кіре алмауы мүмкін екенін ескертті.
"Егер сіздің аккаунтыңыз бұғатталса, бұл оның бұзылғандығы туралы дәлел бар дегенді білдірмейді. Оны қалпына келтіру қосымша уақыт алуы мүмкін. Себебі, құқық иесіне аккаунтына кіруін растау үшін қосымша шаралар қолданылады. Қазір біз тергеу жүргізіп жатырмыз", - деді компания өкілдері.
Кейін Twitter шамамен 130 аккаунтқа шабуыл жасалғанын хабарлады.

17 шілде 2020, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.