Атырау, 2 мамыр 18:48
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазіргі маса удан да қорықпайды

3 845 просмотра

Атырауда қайтадан маса қаптады, кешке қарай көшеде жүру мүмкін емес. Сонымен қатар, қазіргі масалар дезинсекциялық препараттарға мыңқ етер емес.

- Бес күн қатарынан Каспий теңізі бағытынан соққан қатты желден қазір маса көбейіп кетті. Алдымен Дамба, Кеңөзек, Еркінқала ауылдық округтеріне ығып келген масалар қалаға да жетті, - дейді «AG Disinfection services» ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек АХМЕДЬЯРОВ. – Бұрын мұндай масалар қалада болған жоқ. Біз улап, барлығын жойғанбыз. Бір ай тыныш болды. Ал қазіргілері ұсақ және өміршең. Біз Атырауда жұмыс істегенімізге жеті жыл болды, расында, мұндайды алғаш рет көріп тұрмыз.

- Сіз нені айтып тұрсыз?

- Қазір біз қолданып жүрген  күшті у бұрынғыдай жалпылама әсер етпей тұр – бәлкім, масаның бойы үйренген болар. Бірақ біз қолымыздан келгенін жасаймыз. Алдағы 15-20 күнде біздің жұмысымыз нәтиже береді деп ойлаймын.

- Масаларды жою жұмыстары қайда және қалай жүргізіледі?

- Бірнеше күн қатарынан қала мен қала маңындағы ауылдарда көшелерге күшейтілген дезинсекция жүргізілуде. Тек соңғы 4 күн ішінде 13 ықшамауданды өңдеуге 32 800 литр сұйықтық қажет болды. 78 ПИК-тен өтінімдер негізінде жасалған кесте бойынша көппәтерлі үйлердің жертөлесінде дезинсекция жүргізілуде.

- Бюджеттен дезинсекцияға қанша қаржы бөлінді?

- Бірінші тендер қыста өтті: үш айға – сәуір, мамыр, маусымға - 65 млн теңге бөлінді. Сол қаржының 38 миллионын жеңіп алдық. Ол маусым айының соңында түгесілді, яғни игерілді. Бюджеттің қалған 27 миллион теңгесі үнемделді.

Дезинсекциялауға екінші жартыжылдыққа тендер өткізілмейді, ол жұмыстарды үнемделген қаражат есебінен жүргіземіз.

- Сонда дезинсекцияға тендер жылына екі рет өте ме?

- Жоқ, бір рет. Облыс әкімдігінің шешіміне сәйкес биыл дезинсекциялық жұмыстарды бес жылға МЖӘ шеңберінде сенімді басқаруға беруді жоспарлаған болатын. Бірақ жақында қала әкімдігі бірінші тендерден үнемделген 27 млн теңгеге қалған жұмыс көлемін атқаруды өтінді. Біз құптап, қосымша келісім жасадық, содан кейін екінші тендер туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталынан алынып, ақша үнемделді. Біз қараша айының соңына дейін дезинсекциямен айналысамыз.

Ақпарат үшін тұрғындарға «жедел желі» іске қосылғанын еске саламыз. Масалардың қай жерде және қалай улайтыны туралы ватсап 8701 529 4749 және +7 (7122) 505610 (сағат 09-дан 18.00-ге дейін) нөмірі арқылы білуге болады. 

Айнұр САПАРОВА

17 шілде 2020, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.