Атырау, 20 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Карантин жағдайында Құрбан айт қалай өтеді?

4 857 просмотра

Бұл сұраққа ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров онлайн брифингте жауап берді.

"Құрбан айт мейрамы кезіне дейін карантин созылса, мешіттерде намаз оқылмайды. Осыған дейін карантиндік талаптарға сәйкес, Ораза айт намазы оқылмаған. Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан да орындаса болады. Тапсырыс беру арқылы жасауға болады. Оған барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Әрине, жергілікті әкімдіктің де реттеу жұмыстары болады", - деді ол. 

Наиб имам 31 шілде Құрбан айт басталатынын айтты. 

"31-і күні таңда үш күн бойы құрбандық шалуға болады.Шариғат құрбандық шалуды барлық адамға жүктемейді. Оны тек жағдайы бар адамдар жасаса болады", - деді Ершат Оңғаров.

3 шілде 2020, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.