Атырау, 3 мамыр 00:18
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Дәріханаға түскен ұры памперсті де ұмытпады

3 144 просмотра

27 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Азаттық даңғылындағы дәріханалардың бірін тонады. Ол түнде пластик терезені ығыстырып, ішке кіріп, ноутбукты, түрлі дәрі-дәрмек (олардың арасында ыстық түсіретін дәрінің бар-жоғы айтылмады) пен памперстерді қолды қылған.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

2 шілде 2020, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.