Атырау, 2 мамыр 23:33
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда суармалы су құбыры тамызда іске қосылады

Сурет
3 233 просмотра

Атырауда магистралды суармалы су құбыры желісінің екінші кезегі тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Ерлан МУСИННІҢ «АЖ» сауалына берген жауабында айтылды.

Естеріңізге салсақ, құны 678 миллион теңге болатын осы жобаның бірінші кезеңі 2017 жылы жүзеге асырылды. Ол кезде қала әкімдігі ғимаратынан басталып, Сәтпаев даңғылының бойымен халықаралық әуежайға дейін созылатын желі іске қосылған еді.

Ол орталық көпір жанындағы сорғы стансасынан қуат алады. Сәтпаев даңғылының ортасындағы жасыл жолақта бүріккіш спринклер жұмыс істейді, ал жолдың екі жағында шлангаларды жалғауға арналған розеткалар шығарылған. Жобалаушылардың жобасына сәйкес, жасыл-желектерді суарғысы келетіндер шлангаларын розеткаға қоса алады. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 678 миллион теңге бөлінді. Екі кезеңді де «Алматыинжстрой» АҚ жүзеге асырады.

II кезеңде жергілікті бюджеттен әлдеқайда көп қаражат - 1 миллиард 328 миллион теңге бөлінді. Мердігер - сол «Алматыинжстрой» АҚ.

- Ең алдымен ағаштар өсіп тұрған учаскелерді іске қосамыз. Әрі қарай күзде жасыл желек отырғызу жоспарлануда, соған сәйкес қалған учаскелерді қосамыз, - дейді Е.Мусин.

Жобада Атыраудың негізгі көше аймақтары: Бейбарыс даңғылы бойында аэропорттан  Алмагүл ықшамауданына дейін; Владимирский көшесі; Тайманов даңғылы; Жилгородоктағы айналма жолдан Азаттық даңғылымен  Балықшыдағы көпірге дейін; Махамбет, Баймұқанов, Амандосов көшелерінен сыртпен айналып өтетін көпірге дейін; сыртпен айналып өтетін жолмен Тайманов даңғылындағы айналма жолға дейін; Тайманов даңғылындағы айналма жолдан Атырау-Орал жол бойы 5-нші шақырымындағы көпірге дейін; Құрманғазы көшесін суару қарастырылған.

Суару тарату жүйесін белгіленген жердегі магистралды құбырларға қосу арқылы жүзеге асырылады. Суды Жайық пен Ерік Мостовой каналынан І көтеру сорғы стансасымен жер асты резервуарына алады. І көтеру сорғы стансасының тиімді жері тәулік бойы суды бірыңғай таратады. Резервуардан ІІ көтеру сорғы стансасымен су тарату жүйесіне қосылады.

Бұрын су құбырлары жүйесіне арнайы құрылған коммуналдық мекеме қызмет көрсететіні хабарланған болатын. Құрылыс бөліміндегілер жұмысы аяқталғаннан кейін объект қалалық ТКШ бөліміне тапсырылатынын айтты, әрі қарай оған кім қызмет көрсететінін солар шешеді. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

1 шілде 2020, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.