Атырау, 8 мамыр 20:29
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Биркасы барын ба? Жоқ, атпаймыз!"

3 109 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Жануарларды қорғаушы еріктілер әлеуметтік желіде коронавирусқа байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ Атыраудағы барлық қаңғыбас иттерді – оларда бирканың бар-жоғына қарамастан жоюға ауызша тапсырма беріпті деген ақпарат таратуда.

Өткен жылы қала әкімдігінің «Мейірімді қала» жобасына 5 миллион теңге бөлгенін айта кету керек. Бұл қаржыға 200-ден астам қаңғыбас ит пен мысық зарарсыздандырылып, вакцина егіліп, құлақтарына арнайы бирка тағылған болатын. Осыдан кейін оларды атуға болмайтын еді. Бірақ биыл жобаны жалғастыруға қаладан қаражат бөлінген жоқ.

«Мейірімді жүрек» қоғамдық қорының жетекшісі Венера МАНАСОВА мұны қалалық ветеринария бөлімінің таратылғанымен және қалалық ветеринариялық станцияның облыс қарамағына алынғанымен байланыстырады.

Венера Манасова осы жағдайды анықтау үшін Нұрлан Таубаевпен хабарласқан. Қысқа ғана әңгіме барысында бірінші орынбасар тұрғындардан қаңғыбас жануарларға қатысты көп шағым түсіп жатқанын, ал қазіргі коронавирусқа байланысты қиын жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығы бірінші орында екенін күлбілтелемей кесіп айтқан.

Облыстық ветеринария басқармасының бөлім бастығы Элеонора ДӘУІТБАЕВА қазір «Атырау қалалық ветеринариялық станциясы» КМК арнайы бригадасы жоспарлы түрде қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

- Жыл басынан бері қаңғыбас иттердің шабуылынан 400-ге жуық қала тұрғыны зардап шекті, - деді Дәуітбаева. – Биркасының бар-жоғына қарамай, бүкіл итті атуға қатысты бізге жазбаша бұйрық түскен жоқ.

Айнұр САПАРОВА

27 маусым 2020, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.