Атырау, 19 мамыр 08:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Маңғыстауда газ жарылысынан екі адам көз жұмды

Сурет
3 156 просмотра

Маңғыстау облысында газ жарылысынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.40-та Мұнайлы ауданының Баянды ауылы маңында "Матайбаев" базасында болған. "Көлемі 40 текше метр стационар ыдыстан сұйытылған газды автоцистернаға айдау кезінде газ шығып, ауамен қосылған соң жарылыс болды, өрт шыққан жоқ", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Сурет: ІІМ ТЖК

Салдарынан 1974 жылғы ер адам мен 1987 жылғы Өзбекстан азаматы көз жұмды.  Оқиға болған жерге облыстық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен екі өрт сөндіру техникасы, Полиция департаментінен 20 қызметкер мен төрт арнайы техника шықты.

27 маусым 2020, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.