Атырау, 8 мамыр 10:19
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

100 миллионға тротуар мен жағалау залалсыздандырылды

2 694 просмотра

Мамыр-маусым айларында қалалық ТКШ бөлімімен жасалған келісім бойынша үш ЖШС Атыраудағы тротуар мен жағалауды дезинфекциялау жұмыстарымен айналысты. Бұған бюджет ақша аямады.

Келісімге сәйкес, «AG Dezinfection Services» ЖШС бюджеттің 50 миллион 333 мың теңгесіне Бейбарыс даңғылында (оң жақ беті), Тайманов, Құрманғазы, Молдағұлова, Құлманов көшелерінің бойында, университеттен Бейбарыс даңғылына дейінгі оң жағалауда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

«Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС 30 миллион 666 мың теңгеге Азаттық даңғылында, Махамбет, Абай, Уәлиханов, Әуезов көшелерінде жұмыс жасады.

«Prof DEZ Centre» ЖШС Баймұханов көшесі, Бейбарыс даңғылы (сол жақ беті), Канцев, Амандосов, Берғалиев, Датов көшелерін, Наурызалиев өткелінен Мұхтаров көшесіне дейінгі сол жағалауды залалсыздандыруға 24 млн теңге алды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 маусым 2020, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.