Атырау, 19 мамыр 09:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қоймадағы жасырын тойға дайындық сәті: ұйымдастырушылар анықталды

Бейнежазба
5 176 просмотра

Желіде ауыл шаруашылығына арналған қоймалардың бірінде той жасауға дайындық жүріп жатқан сәт бейнеленген видео пайда болды. Аталған шара Қарағанды облысы, Осакаров ауданында болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл видео бойынша Осакаров ауданы Молодежный кентінің полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Жеке кәсіпкер той ұйымдастырғанын жоққа шығарады. Тойға дайындық жүрген. Нысан иесі сапарда болғандықтан бұл жайлы бейхабар болған. Шара ұйымдастырушысы жеке кәсіпкердің інісі болып шықты. Той болмады", - дейді Осакаров ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері. 

Қарағанды облысының санитарлық қызметінің мәліметі бойынша, жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Нысан басшысы қызметкерлерін жұмыстан босатты. Сондай-ақ, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қарағанды облысының бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысы таныстырылды", - дейді Қарағанды облысының санитарлық қызметінің өкілдері. 
26 маусым 2020, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.