Атырау, 8 мамыр 15:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Цоколды қабаттың хикаялары

3 333 просмотра

Атырауда қала билігі бірнеше жылдан бері көппәтерлі үйлердің цоколды қабатын жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру мәселелерін шешіп келеді. Шілде айының бірінші онкүндігінде кезекті тендер өтеді.

Қалалық қаржы бөлімі Нұрсая ықшамауданындағы №7, 54, 56, 59, 2, 58 үйлердің және Алмагүл ықшамауданындағы №32 үйдің цоколды қабаттарын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендерінің өткізілетіндігін жариялады. Бұл билік жариялаған бірінші, тіпті оныншы тендер емес. Өкінішке орай, орынжайларды өз есебінен  жөндеп, содан кейін оны пайдаланудан түскен табыстың бір бөлігін мемлекетке бергісі келетіндер аз – ол жерлер нашар күйде, тіптен қараусыз қалған.

Бастапқыда осындай 35 үй болды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған үйлер 2010 жылы пайдалануға беріле бастады. Жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігер мен қалалық құрылыс бөлімі арасындағы келісімге сәйкес, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көппәтерлі үйлердің цоколды қабаттары мердігердің меншігі болып қала берді. Бірақ әрі қарай мердігерлер банкрот деп танылып, цоколды қабаттардағы орынжайлар иесіз қалды. Осыдан кейін олар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына берілді. Сөйтіп оларды жалға және сенімгерлік басқаруға беру процесі басталды. Бастапқыда шектеу болды – орынжайлар тек әлеуметтік кәсіпкерлікке (балаларға арналған үйірмелер, спорт залдары және т.б.) берілді, бірақ әлеуметтік кәсіпкерлердің қымбат тұратын жөндеу жұмыстарына ақшалары болған жоқ, нәтижесінде бұл шектеу алынып тасталды. Енді мемлекетке келешек табыстың ең көп пайызын ұсынушы тендерді жеңіп алады.

Қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлхан ҒАЛЫМЖАНОВАНЫҢ айтуынша, өткен жылдары цоколды орынжайлардың басым бөлігі - 28 үй иелерін тапқан: біреулері жалға алса, енді біреулер 10 жылға сенімгерлік басқаруға алған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

26 маусым 2020, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.