Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанның тағы бір қаласында қатаң карантин енгізіледі

3 475 просмотра

Өскемен қаласында карантин режимі 11 шілдеге дейін ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігері осындай шешім қабылдады.

Өңірде шектеу шаралары сақталады. Оның мерзімі коронавирус жұқтыру көрсеткішіне байланысты өзгеруі мүмкін. 

Мемлекеттік қызметкерлердің 70%-ін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды.

Тұрғындар жеке көлікпен мемлекеттік нөміріне байланысты көшеге шыға алады. Соңғы нөмірінің тақ және жұп болуы ескеріледі.

Айдың жұп күндері мемлекеттік нөмірі жұп сан және нөлге аяқталатын көліктерге жүруге рұқсат етіледі. Ал қалған кұндері тақ нөмірге аяқталатын көлік иелері шығады. 

Жеңіл көлікті такси жолаушыларының саны 2 адамнан аспауы тиіс. Бір отбасы адамдарына ғана рұқсат беріледі. Алайда бетперде болуы тиіс. 

Демалыс және мереке күндері жеке көлікпен жүруге тыйым салынады. Жұмыс күндері сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жүруге болады. "Қызыл" және "көк" түсті арнайы рүқсат болуы тиіс.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 маусым 2020, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.