Атырау, 19 мамыр 13:51
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Индербордағы карантин: «коменданттық сағат», бөгет бекеті және таксистер

Сурет Бейнежазба
4 712 просмотра

19 маусымнан 2 шілдеге дейін аудан орталығы Индербор кентіне кіріп-шығуға қатаң тыйым салынып, карантиндік режим орнатылып, базар мен сауда және қызмет көрсету орындары жабылып, коменданттық уақыт белгіленген.  Кенттің кіре берістеріне екі блок бекет қойылған болатын.

«Атырау-Индер» бағытындағы  блок бекетте оншақты көлік жиналып қалған. Осы бағыттағы ауылдан келгендер өздерінде жоқ банк және басқа да қызмет түрлерін алу үшін аудан орталығына кіре алмай, ренішітерін білдіріп жатты.

- Мен банкоматтан ақша, дәріханадан дәрі алуға келген едім. Таңертеңнен өте алмай жүрміз, - дейді Бөдене ауылынан келген әйел адам.

- Ал мен несиемді төлеуге және жанармай алуға келгем. Ауылда жанармай құю бекеті жоқ қой. Несиенің де мерзімі бүгін еді, - дейді тағы бірі шырылдап.

- Жедел штабқа телефон соғыңыздар. Мен өткізе алмаймын, - дейді полиция қызметкері.  

- Бағана әкімшіліктен бір қызметкер келген, ол түк шешкен жоқ. Полицияға барыңдар деп, сіздерге жіберді.

- Біз ол мәселені шеше алмаймыз, кіріп-шығуға рұқсат жоқ, міне қаулы. Ара қашықтықты сақтаңыздар. 

Аудандық әкімдіктің  баспасөз қызметі аудан орталығында жұмыс жасайтындар және шұғыл медициналық көмекке жүгінгендерді қоспағанда бекеттен тек азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтушы кәсіпкерлердің кіріп-шығуына рұқсат етілгенін айтты. Бірақ жарнамада «Индер-Атырау» бағытында клиент іздеген таксистер хабарламасы өріп жүр. Мен бір таксистке телефон да соғып көрдім.

- Атырауға барайын деп едім.

- Сағат нешеге, неше адамсыздар?

- Сіздер жабық блок бекеттен қалай өтіп жүрсіздер?

- Одан қам жемеңіз, оны неге сұрадыңыз....- деді де, телефонын өшіріп тастады. Сұрақты көп қойып кетсем керек-ті.           

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

26 маусым 2020, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.