Атырау, 19 мамыр 15:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ақтауда серуендеп жүрген арыстанның иесі түрмеге қамалуы мүмкін

3 389 просмотра

Ақтау маңында африкалық арыстанын серуендетіп жүрген адам түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Жануар жергілікті тұрғындардың зәресін алған. Бұған дейін хабарланғандай, қауіпті жануарды Ақшүкір ауылының тұрғындары байқап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Мұны байқаған жануардың қожайыны көлікке тығылып, артынша полиция шақырған. Ақтаулық полицейлер арыстанды ұстады. 

Ал карантин кезінде Ақтауда қалып қойған мәскеулік цирк өкілдері жануар оларға жеткізілгені туралы хабарды жоққа шығарды. Артынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жануар Қошқар-Ата қорымының жанында бақылауда тұрғанын айтты.  

Телеарна мәліметінше, жануардың есімі - Симба, ол - үй жануары. Жануардың иесі сирек кездесетін аңды заңсыз сатып алғаны үшін және ұстағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

26 маусым 2020, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.