Атырау, 19 мамыр 17:00
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Біртанов: «Бүгін Мемлекет басшысына қызметімнен босатуды сұрап өтініш жаздым»

2 963 просмотра

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің отставкаға кету себебін түсіндірді.

"Құрметті әріптестер мен достар!

Бүгін Мемлекет басшысына мені Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрап өтініш жаздым. 

Өкінішке қарай, мендегі асқынған пневмониялы коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша ем алу қажет. 

Сонымен қатар, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі – саланы министрлік пен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының деңгейінде басқару қажет деп санаймын. 

Біздің денсаулық сақтау жүйеміз күн сайын артып келе жатқан ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Ол үшін әрқайсымыз уақыт бөліп, беріліп қызмет етуіміз қажет. Барлық әріптестеріме денсаулық пен шыдамдылық тілеймін! 

Мемлекет Басшысына қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік бергеніне және жоғары сенім артқаны үшін алғыс айтамын!" - дейді Елжан Біртанов Фэйсбуктегі парақшасында.

25 маусым 2020, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.