Атырау, 19 мамыр 17:21
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Таубаев жеке емхана басшыларына: «Қазір бізге көмектесу - сіздердің азаматтық парызыңыз!»

Сурет
3 806 просмотра

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА өңірдегі медицина мекемелерінің басшыларымен кездесті. Кездесуде провизорлық стационарлар, ИВЛ аппараттары, коронавирус инфекциясына байланысты қазіргі қиын жағдайда медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі туралы мәселе қозғалды.

- Облыстық аурухана жанынан 60 орындық стационарға қосымша 50 орындық провизорлық стационар ашылады. Демеушілер көмегімен ИВЛ аппараттары алынады. КВИ-ге ПТР сынамасын алу үшін Caspian Medical емханасымен оның зертханасын қолдану туралы келісімге келдік, - деді Б.Хаменова. – Бүгінде медицина мамандарының жетіспеушілігі басты проблеманың бірі болып отыр. Ең алдымен, реаниматолог мамандар, ИВЛ аппаратын қоятын мамандар тапшы. Сондықтан жеке емханалардан көмек сұрап жатырмыз.

Н. Таубаев та жеке емхана басшыларына:

- Сіздер қазір өңірдегі ахуалдың қандай екенін көріп отырсыздар. Сондықтан сіздерді бірлесе жұмыс жасауға шақырамын. Бұл сіздердің азаматтық парызыңыз, - деді.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

25 маусым 2020, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.