Атырау, 19 мамыр 14:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда лабораториялардың неліктен жабылғаны белгілі болды

2 551 просмотра

Алматыда коронавирусты анықтайтын лабораториялар дезинфекциялық жұмыстарға байланысты жабылады. Себебі лабораторияның бірнеше қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының директоры Арнұр Нұртаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұртаевтың айтуынша, лабораториялардың жабылуына сол мекемедегі қызметкерлердің C0VID-19 жұқтыруы себеп болған.

"Лабораторияларда адамдар жұмыс істейді. Олар халықты тестілеуден өткізеді. Өкінішке қарай, қандай шаралар қолданылсын, оларда вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Лаборатория қызметкерлері арасында вирус жұқтырған жағдайлар тіркелді. Сондықтан лабораториялар бірнеше күнге жабылады, дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін", - деді Ұлттық сараптама орталығының директоры.

25 маусым 2020, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.