Атырау, 19 мамыр 17:39
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

42 500 теңге тағы беріле ме? - Министрлік жауабы

2 951 просмотра

Қазақстанда енді 42 500 теңге берілмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Енді 42 500 теңге берілмейді, ондай төлем жасауды жоспарлап отырған жоқпыз. Олар үшін бюджеттен арнайы қаражат қарастырылмайды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты жұмсалды", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ведомство басшысының айтуынша, Ұлттық банктің көмегінсіз бұл жағдайдан шығу мүмкін болмаған.

"Банк қаржы құралдарын қолдана отырып, қажет қаржыны берді. Нәтижесінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры 332 миллиард теңге активін жұмсап, 4,6 миллион адамға төлем аударды. Бүгінде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының мүмкіндігі шектеулі", - деді Нұрымбетов.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимі аясында табысынан айырылған қазақстандықтар екі ай бойы 42 500 теңгеден алған болатын.

25 маусым 2020, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.