Атырау, 19 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Коронавирус бақылаудан шығып кетті

3 350 просмотра

Эпидемиологиялық жағдай бақылаудан шығып кетті - бүкіл елде коронавирус жұқтырған науқастардың күрт өскені байқалады. Соның ішінде 23 маусымда Атырауда рекордтық – ауру белгілері байқалмайтын 335 және ауру белгілері бар 35 жағдай тіркелді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы науқастарға лық толы, сондықтан анықталған адамдар Махамбет ауданына жіберілуде. Ол жерде туберкулезге қарсы күрес ауруханасында жұқпалы ауруларға арналған кереуеттер орналастырылған.

Қазіргі алгоритмге сәйкес, жедел жәрдем бригадасын шақырған кезде ең алдымен науқастың жалпы жағдайы, ентігуі, минутына тыныс алу жиілігі, дене қызуы және қанның оттегімен қанықтылығы бағаланады. Аурудың жеңіл ағымы анықталса, ентігу және қауіп факторлары жоқ науқас үйде қалады.

Бұдан басқа, қазір бүкіл елде ПТР талдау жасау тоқтатылды, емхана мен ауруханалардың көпшілігі онлайн режиміне көшті, медицина қызметкерлерінің көбі сырқаттануына байланысты жұмыс істеуге жарамсыз. Нәтижесінде, адамдардың қызу түсіретін дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алып жатқаны соншалық, дәріханалардан қарапайым парацетамол мен мукалтинді табу мүмкін емес.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазір жедел жәрдемге күніне 1000-нан астам қоңырау түседі. Дәрігерлердің айтуынша, ауру белгілері байқалса, учаскелік емханаға хабарласып, тағайындалған емді алуыңыз керек. Егер 4-5 күн ішінде жағдайыңыз жақсармаса, жедел жәрдем шақырыңыз. Бірақ қолыңызда ПТР талдауының нәтижесі және учаскелік дәрігердің жазбасы болуы керек. Әйтпесе, жұқпалы аурулар ауруханасына жата алмайсыз.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

25 маусым 2020, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.