Атырау, 19 мамыр 10:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау облысында COVID-19​ жұқтыру белгілері бар 20 адам тіркелді

3 302 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру белгілері бар  20 адам тіркелді. COVID-19 жұқтырған 11 адам  Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1964, 1996, 1979, 1972, 1974  жылы туған әйел адамдар, 1982, 1965, 1959, 1980, 1986, 1984 жылы туған ер адамдар. Олардың үшеуінен COVID-19  скринигтен өту барысында анықталды, қалғандары денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген. 

Сондай-ақ 2 жағдай Қызылқоға ауданының 1945, 1973 жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Тағы 2 жағдай Исатай ауданынан, 3 жағдай Индер ауданынан, 1 жағдай Махамбет ауданынан, Жылыой ауданынан 1 жағдай тіркелді. Олардың 4- уі ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, екеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болса, біреуінен скринигтен өту барысында анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
                                                  
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

24 маусымдағы жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1560 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1191.

25 маусым 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.