Атырау, 19 мамыр 09:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады

2 537 просмотра

Халықтың дүрлігуінен кейін Нұр-Сұлтанның дәріханаларында дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды сатуға лимит қойылады. Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттарды, азитромицин антибиотиктерін түгел сатып алды. Біз талдау жүргізіп, 41 дәрі-дәрмектің атауы көрсетілген кесте құрдық", - деді Әлмурзина.

Айтуынша, дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды реттеу туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданған.

"Ол жерде халыққа қанша дәрілік препарат сатуға болатыны жазылады. Ал рецепт бойынша сатылатын дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен  беріледі", - деп нақтылады ол.

Сонымен бірге, Әлмурзина дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектің тапшылығын ескеріп, дәріханаларда балама нұсқалары бар екенін айтты.

Олар: "Панадол", "Эфералган", "Ибупрофен", "Ибуфен", "Миг" және "Новиган".

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілерінің басшыларымен онлайн-жиын өткізді. Ол дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Дереккөз: sputniknews.kz 

24 маусым 2020, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.