Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мәскеуге барған қырғыз президенті Жеңіс парадына қатыса алмады

3 204 просмотра

Қырғыз Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбеков өзімен Мәскеуге еріп барған қырғыз делегациясындағы адамдардың екеуінен коронавирус табылуына байланысты Жеңіс парадына қатыспады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алгоритмге сәйкес, Президент Сооронбай Жээнбеков және оның жанындағы делегация мүшелері Мәскеуге келгеннен кейін коронавирусқа байланысты тексеруден өтті. Делегация құрамындағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Алгоритмге сәйкес, Жээнбеков Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараға да қатысудан бас тартуды жөн деп шешті.

Бүгін, 24 маусымда Мәскеуде Жеңіс парады өтіп жатыр. Оған Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия, Абхазия президенттері қатысуда. Қырғызстан Президенті де Владимир Путиннің шақыруын қабыл алып, 23 маусымда Ресей астанасына ұшып келді.

24 маусым 2020, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.