Атырау, 19 мамыр 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы COVID-19 жұқтырған 65 науқас туралы ақпарат

3 689 просмотра

23 маусымдағы ахуал бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясының белгілері бар 65 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алты адам - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олардың скрининг кезінде COVID-19 анықталды.

Ауру жұқтырған тағы 49 адам - Атырау қаласының тұрғындары: олардың 19-ы скрининг кезінде анықталды, 7 тұрғын байланыста болған адамдар ретінде тексерілді, ал қалған 23-і ЖРВИ клиникалық белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Сондай-ақ, вирус Құлсары қаласының екі тұрғынында расталды. Олар ЖРВИ клиникалық белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Тағы 4 жағдай Исатай ауданында, 2 жағдайдан Индер және Махамбет аудандарында анықталды. Олардың барлығы байланыста болған адамдар ретінде тексерілген.

Қазіргі уақытта барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.

Науқастармен байланыста болған тұлғалар анықталуда, олардың барлығы медициналық бақылауға алынады. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

23 маусымдағы ахуал бойынша өңірде COVID-19 инфекциясы жұққан 1540 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1178.

24 маусым 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.