Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бес адам коронавирустан көз жұмды

3 282 просмотра

«Аймақта қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 14 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы. Басқарманың мәліметінше, көз жұмған бесеудің барлығы 1978, 1976, 1960, 1943, 1963 жылы туған әйел адамдар.

42 жастағы Атырау қаласының тұрғыны пневмонияның екі жақты ауыр формасы диагнозымен облыстық №2 аурухананың реанимация бөліміне 18 маусым күні түскен. Сонымен бірге, науқаста «тік ішектің қатерлі ісігі» диагнозы да болған. Бұған дейін химия терапияның үш курсын алған. 19 маусым күні науқастың жағдайы ауырлап, сол күні сағат 22.30-да клиникалық өлім дерегі тіркелді. Марқұмға коронавирус инфекциясы, септикалық шок, полиорган жетіспеушілігі диагнозы қойылды.

Құлсары қаласының 44 жастағы тұрғыны облыстық №2 аурухананың жұқпалы аурулар стационарына 12 маусымда түскен, ауыр формалы екі жақты пневмония диагнозымен қабылданған науқаста 3-дәрежелі демалу қиындығы байқалған. Науқаста ауа жетіспеушілігімен бірге интокискация, жүрек қан тамырларында жетіспеушілік болғандықтан оның жағдайы өте ауыр әрі тұрақсыз деп бағаланды. ИВЛ аппаратымен тыныс алған науқаста коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастың жағдайы 22 маусымда күрт нашарлап, кешкі сағат 21.30 шамасында клиникалық өлім тіркелді.

60 жастағы әйел жұқпалы аурулар стационарына 21 маусым күні екі жақты пневмонияның ауыр формасымен түсті. Науқастың 3-дәрежелі артериалды гипертония, 2-типті қант диабеті созылмалы сырқаттары болған. Ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған. 22 маусым күні сағат 6.10 шамасында клиникалық өлім тіркелді. Соңы ажалмен аяқталған оқиғаға – жүрек қан тамырлары, тыныс алу жолдарындағы жетіспеушілік, организмнің интоксикациялануы, екі жақты пневмонияның ауыр формасы, үшінші дәрежелі ауа жетіспеушілігі себеп болды. Нақтыланған диагнозы - коронавирус инфекциясы. 

77 жастағы Атырау тұрғыны 18 маусым күні жұқпалы аурулар стационарына екі жақты пневмония диагнозымен жатқызылды. Зейнеткер жүрек ишемиясы, артериалды гипертония ауруларына шалдыққан. Нәтижесінде пневмония асқынып, науқас ағзасы интоксикацияға ұшырады, үшінші дәрежелі ауа жетіспеушілігі тіркелді. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 22 маусым күні жағдайы күрт нашарлап, сағат 10.30 да клиникалық өлім тіркелді. Өлімге өкпе-жүрек жетіспеушілігі себеп болды. COVID-19 диагнозы расталды.

57 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны аудандық орталық аурухана жанындағы провизорлық стационарға 22 маусым күні жеткізілді. Бұған дейін ол тұмау белгілері бойынша учаскелік емханаға жүгінген. COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған емделушіге тиісті диагностика жасалды. КТ аппаратының нәтижесінде екі жақты пневмония, өкпесі 50 пайызға дейін зақымданғанын анықтады.

Ілеспе сырқаты - глаукома, 3-топ мүгедегі. Тұрғылықты жері бойынша, науқас қарқынды терапия палатасына ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылды. 23 маусымда науқастың жағдайы ауырлап, клиникалық өлім тіркелді. Марқұмның көз жұмуына коронавирус инфекциясы, тыныс алудың жетіспеушілігі себеп болды.

Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясынан 14 адам көз жұмды.

24 маусым 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.