Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Еңбек пәні кабинетін өздері таңдады

3 236 просмотра

Қызылқоға ауданы бойынша коронавирус дертіне күні бүгінде 79 адам шалдығып отыр. Оның 57 Миялыдан, 9 Мұқырдан, 6 Сағыздан, 5 Кенбай учаскелік қалашығынан, бір-бірден Қарабау және Тасшағыл ауылдарынан.  22 маусымда Миялы ауылының  73 жастағы тұрғыны, әйел адам аталмыш  дерттен көз жұмған.

- Қазір аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде екі адам орналастырылса, бес адам Атырау қаласына жіберілген, қалғанында ауру белгілері байқалмай, өз үйінде карантинде жатыр. Сырқат адаммен жақын байланыста болған үш адам арнайы жабдықталған, тамақпен қамтылған  провизор орындарында тест нәтижесін күтуде, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ. - Жалпы аудан бойынша 182 адамға арналған оқшаулау орталығын 4 жерден қарастырғанбыз.

- Әлеуметтік желіде оқшаулау орталығына қазір бос тұрған мектептерден орын әзірленгендігіне  жергілікті жұртшылық наразылық білдіруде. Балалары үшін алаңдаулы...  

- Ауданда арнайы жабдықталған орын жоқ. Сондықтан амалсыз Мұқырдағы интернаттан, Миялыдағы Аманшин және Шөреков атындағы орта мектептерден, Сағыздағы №9 мектептен  оқшаулау орнын әзірлеп қойдық. Қазір үш адам Миялыдағы Аманшин атындағы мектебіне орналастырылды. Бұлар науқаспен байланыста болып, тест нәтижесін күтіп жатқандар. Олар еңбек пәні кабинетін өздері таңдады. Негізі оқшаулау орталығына ауру белгісі бар адам жатпайды. Сол себептен жұртшылықтың алаңдайтын жөні жоқ, кейін ол орындарға дезинфекция жасалады.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор

24 маусым 2020, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.