Атырау, 19 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 606 мыңнан асты

2 639 просмотра

Ресейдің 85 аймағында коронавирус жұқтырған адамдардың саны 606 881-ге жетті. Бұл туралы 24 маусымда инфекцияның таралуын бақылау мен мониторинг жүргізу бойынша шұғыл штабтың Telegram-каналында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, 154 науқас қайтыс болды. Ресейде тәулік ішінде 12 393 адам аурудан айыққан. Жалпы 8 513 адам көз жұмды, 368 822 адам жазылды.

23 маусымда елде жұқтырғандар саны 599 705 болатын. Оның ішінде 7425 адам тәулік ішінде тіркелді. Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында өсім жоғары болып тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz 

24 маусым 2020, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.