Атырау, 19 мамыр 13:09
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек – Ұлттық сараптама орталығының басшысы

2 795 просмотра

Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты, бірақ орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырып жатыр.

"Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл дұрыс емес! Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтатуға шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек", – деді Тұңғышбаев.
24 маусым 2020, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.