Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткере бастады - ДСМ

3 014 просмотра

Денсаулық сақтау министрінің лабораториялық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова коронавирус генетикалық тұрғыдан өзгеретінін және қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткере бастағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір, әрине, коронавирус жұқтырып, симптомсыз жеңіл формада ауырып жатқандар көп тіркеліп жатыр. Бұл ауру құрылымының генетикалық түрленуі болып жатқанын білдіреді. Біздің бақылауымызша, пневмонияның ауыр түрлері қазір мұндай көлемде тіркеліп жатқан жоқ", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, биотехнологиялар ғылыми орталығы жасаған талдау нәтижелері бойынша Қазақстан территориясында вирустың азиялық және еуропалық штаммының циркуляциясы тіркелген.

Еске салайық, қазір Қазақстанда 17 732 адамнан коронавирус анықталған. 10 897 адам аурудан айықты, 120 науқас көз  жұмды, 9809 адам симптомсыз ауырып жатыр.

22 маусым 2020, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.