Атырау, 19 мамыр 13:09
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жазасын өтеушілер аттестат алды

2 812 просмотра

Атырауда ерлер және әйелдер түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан 18 адамға толық орта білім алғаны туралы аттестат табысталды.

Индивидуалды жалпы орта білім беретін мектеп екі түзеу мекемесінің ауласында орналасқан. Жалпы биыл 18 жазасын өтеуші мектеп түлегі атанды. Көбінің жасы 30-ға жетпеген, арасында одан асқандар да бар.

- Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, мектеп бітіруші жазасын өтеушілерге аттестатты мекеме басшылығы барлық санитариялық талаптарды сақтай отырып табыстады, - дейді ерлер түзеу колониясының тәрбие бөлімінің бастығы Ринат ОРАҚОВ

Оның айтуынша, Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Орақов жазасын өтеушілердің негізінен тарих, география, «Адам, қоғам, құқық» пәндеріне қызығушылығын байқаған екен. 

Айнур САПАРОВА

22 маусым 2020, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.