Атырау, 19 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда коронавирус өршіп барады

4 381 просмотра

22 маусымда Атырау облысында тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 175 жағдай тіркелді.

Тәулік ішінде ЖРВИ белгілері бар 38 адам және вирус жұқтыру белгісі байқалмайтын 137 науқас анықталды. Вирус жұқтырған 38 адамның 33-і - облыс орталығының тұрғындары. Яғни, инфекция Атырауда қарқынды тарала бастады, бұл пандемия басталғалы бері қалада ең көп тіркелген жағдай. Бұған дейін «рекорд» Теңізге тиесілі еді, ол жерде бір тәулікте 142 жағдай тіркелген болатын.

Тұрғындар стационарлардың провизорлық бөлімдерінде орын жоқтығына, өкпесі зақымданған адамдарды ауруханаға алмайтынын, оларға ем тағайындамайтынын және ПТР тапсыруға жолдама берілмейтініне шағымдануда. ПТР анализдерін өздігімен тапсырғандар бейсенбіден бері нәтижесін күтуде.

Осыдан екі апта бұрын кейбір тұрғындар таныстарының бірде-біреуі COVID-19-бен ауырмағандықтан вирустың бар екендігіне сенбеген болса, кешікпей достары мен туыстарының арасында коронавирус инфекциясымен ауырмаған ешбір отбасы қалмайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 маусым 2020, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.