Атырау, 19 мамыр 13:10
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Атырау» ӘКК «Идеалға» әлеуметтік маңызы бар тауарлар алуға несие берді

2 561 просмотра

5 мамырда «Атырау» ӘКК» АҚ «Идеал Маркет» ЖШС-мен 1 жыл мерзімге жылдық 0,1% мөлшерлемемен 400 млн теңге сомаға несие келісімшартын жасады. Оның шарттарына сәйкес, «Идеал Маркет» осы қаржыға өзінің 36 супермаркет сауда желісі арқылы әлеуметтік маңызы бар 15 тауарды сатып алып, тұрғындарға сатуы тиіс.

Келісімшартта баға былайша көрсетілген: бірінші сұрыпты бидай ұны – келісі 161 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан (пішінді) – 1 данасы 80 теңге, рожки - келісі 196 теңге,қарақұмық жармасы – келісі 298 теңге, тазартылған күріш – келісі 255 теңге, қант – келісі 199 теңге, күнбағыс майы – 1 л. 215 теңге., сиыр еті (жауырын-төс бөлігі) – келісі 1800 теңге, тауық еті – келісі 719 теңге, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт – 1 л. 219 теңге, майлылығы 2,5%  жұмсақ қаптамадағы айран – 1 л. 325 теңге, сары май (тұзды емес, 72,5%-дан кем емес, толтырмасыз және өсімдік майынсыз) – 1 кг 2910 теңге, 1 санатты тауық жұмыртқасы – 1 данасы 23 теңге, ас тұзы («Экстрадан» басқасы) – келісі 39 теңге, майлылығы 5-9% сүзбе – 1 келісі 672 теңге.

- Бұл бағалар бөлшек сауда бағаларының шекті деңгейінен төмен, - делінген ӘКК баспасөз хабарламасында. Онда шекті бағаларды облыс әкімдігі тоқсанына бір рет бекітетіндігі де айтылған.

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

22 маусым 2020, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.