Атырау, 19 мамыр 10:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау Түркістанда 9 миллиард теңгеге мәдениет орталығын салады

4 506 просмотра

Бұдан бұрын «АЖ» Атырау облысының Түркістан қаласына 1 млрд 31 млн теңгеге мәдениет орталығын тарту ететінін хабарлаған еді. Бірақ ол кезде тек 1-кезең туралы айтылған болатын. Ал құрылыстың жалпы құны - 9 млрд 119 млн теңге.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік сатып алулар сайтының порталында «Түркістан қаласындағы “Әзірет Сұлтан”  тарихи-мәдени қорығы маңында  “Ұлы дала елі” орталығының құрылысы»  лоты қойылды (1 - кезең). Жұмыс құны 1 031 519 703 теңгеге бағаланды.

Енді сол мердігер "BI Construction Turkestan" ЖШС-мен тағы 3 887 599 000 теңгеге жиынтық келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, демеуқаржы ретінде «Теңізшевройл» ЖШС 4 млрд 200 млн теңге бөледі. Осылайша, 2-кезең 8 млрд 87 млн теңгеге шығады, ал жалпы құрылыс құны (1-ші және 2-кезеңдер) - 9 млрд 119 млн теңге.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

22 маусым 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.