Атырау, 19 мамыр 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тәулік ішінде облыста COVID-19 жұқтырған 38 жағда​й тіркелді, оның 33-і - Атыраудан

4 182 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

COVID-19 жұқтырған 33 адам  Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 32-сінен вирус скринингтен өту барысында анықталған, ал біреуі инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ тағы 5 жағдайдың біреуі Исатай ауданының 1963 жылы және Индер ауданының 1953 жылы, 3 – еуі Махамбет ауданының 1957, 2000, 1994 жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Барлығынан инфекция скринигтен өту кезінде анықталған.

Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.                                                            

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1440 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1095 .

22 маусым 2020, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.