Атырау, 19 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ақтөбе ауруханасында жатқан науқас жұрттың қалай емделіп жатқанын баяндады

4 437 просмотра

Ақтөбедегі медициналық орталықтың провизорлық бөлімінде жатқан науқас "Диапазон" басылымына хат жолдап, орталықтағы дәрігерлердің пневмониясы бар адамдарды қалай емдейтіні туралы айтып берді.

Науқас әйелдің айтуынша, ол ауруханаға пневмониямен 13 маусымда түскен. Үш күн дене қызуы көтеріліп, кейін дәрігерлерді шақырған.

Қазір біздің палатада төрт науқас жатыр, біреуінің жағдайы ауыр. Екеуі 9 маусымнан бері жатыр дейді.

"Барлығы уақтылы - система, укол, ешқандай дәрі-дәрмек бермейді. Жақсы тамақтандырады. Ыстық күйде, өте дәмді. Таңертең және кешке ботқа. Науқастарға барлық жағдай жасалған - ыстық су, суық су, суды тіпті өздері таратып әкеледі. Ыдыс-аяқтары бірреттік, төсек жабдығын сұрасаң уақтылы ауыстырып береді. Дене қызуы жоғарылаған соң терлейсің ғой, төсекті ауыстырады, барлығы таза. Еш жерде ештеңе шашылып жатқан жоқ", - дейді әйел.

Дегенмен, оның айтуынша, науқастардың көбі дәлізде жатыр екен, себебі бос орын жоқ.

"Пневмониясы барлар перзентхана ғимаратының екінші қабатына жатқызылды. Онда көбіне ер адамдар жатыр. Ауыр науқастар да бар, дегенмен мұндағы медициналық қызметкерлер өте жақсы. Барлығы формамен, маска таққан. Науқастардың ішінде жөтеліп, жағдайы нашары бар. Дәрігерлер бір-біріне көмектесіп жатыр. Бірақ дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің тапшылығы байқалады. Оларға денсаулық пен күш-қуат берсін! Адамдар болмайтын нәрсені айта береді. Біз, Ақтөбедегі медициналық орталықта ем алушылар, жағдайдың қалай болып жатқанын білеміз, медициналық қызметкерлерге алғыстан басқа ештеңе айта алмаймыз. Барлығына денсаулық тілейміз", - дейді ол хатында.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 17 732-ге жетті, ал симптомсыз науқастардың саны 9809 болды. Қайтыс болғандардың саны - 120.

22 маусым 2020, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.