Атырау, 19 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Демалыс күндері екінші адам суға кетті

4 133 просмотра

Бүгін, 21 маусымда Талғайран ауылында 20 жастағы жігіт Жайыққа батып кетті. Дене судан бір сағаттан кейін шығарылды.

- ТЖД  жасағы күшімен сағат 16:10-нан бастап арнайы жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 20 жастағы Атырау тұрғынын іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 17:05-те суға кеткен жас жігіттің денесі табылып, судан шығарылды, - деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Бұл осы демалыс күндері суға кеткен екінші адам. Сағат 14.00 шамасында Махамбет ауданының Ақтоғай ауылдық округінде кеше Жайыққа батқан 31 жастағы ер адамның денесі табылған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД жолдаған суреттер

21 маусым 2020, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.