Атырау, 17 мамыр 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

NCOC-та бір адамнан басқа вирус жұқтырғандар жоқ

2 955 просмотра

NCOC-тің аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 расталғаннан кейін, «АЖ» консорциумның баспасөз қызметіне қосымша сұрақтар жолдады.

Жауапқа сүйенсек, компания 8 маусымнан бастап NCOC қызметкерлерінің кеңсеге оралу жоспарын әзірлеген.

«Бұл жоспар бойынша, белгілі бір уақыт кезеңінде кеңсеге кіре алатын қызметкерлер саны шектеулі болады. Мәселен, бүгінде кеңселерге орналасу рұқсат етілген алаңның 25% деңгейінде жүзеге асырылады, ол бір адамға шаққанда 10 шаршы метр стандартты лимит негізінде есептелген. Бұл кезеңнің ұзақтығы ахуалдың даму динамикасына байланысты», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Каспий теңізіндегі D аралына келер болсақ, вахта ауысымы жоспар бойынша 7 күндік карантин сақталып, ПТР сынаманың теріс шығуына сәйкес жүзеге асады. Қазіргі уақытта аралда 300-ден астам адам бар.

Компания қызметкерлерінің арасында басқа вирус жұқтырған жағдай тіркелген жоқ.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 маусым 2020, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.