Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Павлодарлықтарға үйден шықпауға кеңес берілді

2 625 просмотра

Павлодарда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүрзілуіне байланысты қала тұрғындарынан үйден шықпауға кеңес берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің хабарлауынша, кеше ауқымды дезинфекция қаланың солтүстік бөлігінде жүргізілген. Ал бүгін шаһардың оңтүстік бөлігі қамтылып отыр.

"Жұмыс күні бойы жүргізіледі. Дезинфекция Назарбаев даңғылы мен Торайғыров - Нұрмағамбетов - Қамзин көшелерінің аумағында жүргізіледі, Толстой көшесі де қамтылады. Қала тұрғындарын себепсіз үйден шықпауды сұраймыз", - дейді қалалық әкімдіктің қызметкерлері.

Қала әкімдігінің мәліметінше, дезинфекцияға 140 маман жұмылдырылған. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін 6 тонна натрий гипохлориті дайындалған.

Айта кетейік, елімізде коронавирусты жұқтырға өсімі жоғары 5 қалада карантин режимі күшейтілді. Тізімге Павлодар мен Екібастұз қалалары кірді. Ал демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Павлодар облысында 469 адам COVID-19 вирусын жұқтырды. 230 науқас дертінен айықты, 13 адам аурудан қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

21 маусым 2020, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.