Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Инфографика: Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

2 847 просмотра

Қазақстанда індет өршіп тұрған өңірлер аталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus.kz сайтының Tеlegram каналына сілтеме жасап.

Бір аптада Солтүстік Қазақстан облысында ауруды жұқтыру өсімі - 78,38 пайыз. 

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырғандар саны Ақмола (56,92), Шығыс Қазақстан (50,76), Павлодар (34,38), Қостанай облыстарында (32,73) айтарлықтай өсіпті.

21 маусым күні Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың 1062 дерегі тіркелді. Оның 446-сы симптоммен, 616 науқас симптомсыз.

Індет белгілері анық байқалған науқастардың басым бөлігі Алматыда - 66, Нұр-Сұлтанда - 53, Қарағанды облысында - 61 науқас тіркелген.

Шымкентте де ауру белгілері жоқ науқастардың саны айтарлықтай өскен (91 науқас). 

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтығандар саны 17 225-ке жетті. 8845 науқас симптомсыз. 10 671 науқас дертінен айықты. 118 адам аурудан көз жұмды.

Сондай-ақ, Алматыдағы республикалық қан орталығы COVID-19 айыққан адамдарды иммунды плазманың доноры болуға шақырады.

400-600 миллилитр мөлшерінде қан тапсыру орта есеппен 30-40 минутты алады.

Донор болғысы келетіндер мына телефондарға хабарласа алады:

+7 (727) 382-61-43 +7 (727) 246-09-23 (08.00-ден 16.00-ге дейін) 

+7 (777) 253-36-56 +7 (707) 928-70-19 (тәулік бойы)

21 маусым 2020, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.