Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Шартты түрде сотталушыны қашықтан да тексеруге болады

3 417 просмотра

15-25 маусым аралығында Атырауда "Шартты түрде сотталған" алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

- Шараның мақсаты – пробация бақылауындағы адамдар арасында қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, бір кездері шалыс басқан азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету, - дейді қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Медет АДЖИКУЛОВ. - Жыл басынан бері атқарушы органдар мен ҚАЖД қызметкерлерінің бірлескен күшімен пробациялық есепте тұрған 136 азамат жұмысқа орналастырылды, аса мұқтаждарға ақшалай біржолғы 74 жәрдемақы тағайындалды.

Аджикулов қоғамнан оқшауланбайтын жазасын өтеушілерге сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін үйде болу, ойын-сауық орындарына бармау керектігін, басқа да шектеулер бар екенін ескертті. ҚАЖД қызметкерлерінің міндетіне осы талаптардың орындалуын тексеру де кіреді. Бұған жаңа технология көмектеседі: бақылауға алынғандардың қай жерде жүргенін қашықтан тексеруге мүмкіндік беретін арнайы мобильді қосымшалар енгізілуде.

- Өткен жылдың 5 айында есепке алынған тұлғалар 7 рет, ал биыл осы кезеңде тек 2 рет қайта қылмыс жасады, - дейді М.Аджикулов. 

Ол жақында қылмыстық заңнаманы ізгілендіру - Атырау облысының 286 тұрғынына жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру нәтижесінде өз отбасыларына оралуға мүмкіндік бергенін еске салды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 маусым 2020, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.